×

Мас адам ауладағы қыздың бетінен сүйген: Ақтау тұрғындары шу шығарды

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оған қатысты екі хаттама толтырды

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2023 | 10:48
фото: ашық дереккөз

Кеше Ақтаудағы 26-шағынауданның тұрғындары аулада жүрген балаларға мас адамның тиіскенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы InАktau.kz хабарлады.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, балалар ер адамның қызды сүйіп, оған шоколад алып беруге уәде бергенін жеткізген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оларға 47 жастағы ер адамның балаларға тиіскені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оған қатысты екі хаттама толтырыпты. Бірі – қоғамдық орында адамға тиіскені, екіншісі – қоғамдық орында алкоголь тұтынғаны үшін.

Әңгіме барысында 47 жастағы ер адамның балаларға тиіскені анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 3-бөлігі және 449-бабы бойынша хаттама толтырылды, – делінген ресми ақпаратта.

Бұл баптарға сәйкес күдіктіге 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама