×

Қапшағай қаласының аты ресми түрде Қонаев болып өзгертілді

Тоқаев Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды

 Ербол Тұрымбет 03.05.2022 | 18:32
көрнекі фото: ашық дереккөзден

11 сәуірде Республикалық ономастика комиссиясы жаңадан құрылатын облыстарға Абай, Жетісу, Ұлытау атауын беру туралы шешімді бірауыздан қолдады. Бүгін Мемлекет басшысы Алматы облысындағы Қапшағай қаласының атауын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.

Еске сала кетейік, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге байланысты айта келе, Семей аймағында Абай облысын, ал бұрынғы Жезқазған облысы аумағында Ұлытау облысын құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ Алматы агломерациясына қатысты түйткілдерді шешу үшін Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.

Жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала, Алматы облысының аумағының құрамында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XVII сессиясында Қапшағай қаласының жаңа бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп жатқаны, қайта құру мен қайта атау бойынша ғылыми сараптама жүргізілетіні айтылды.

Айта кетейік, Қазақстанда тұлғалардың есімі берілген Абай, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысы және тегімен аталатын Курчатов, Сәтпаев сияқты қалалалар бар. Қазір қоғамда Қапшағай қаласының атауы өзгеретін болса, шаһарға Дінмұхамед Қонаевтың есімін (Дінмұхамед) берген дұрыс па, әлде тегін (Қонаев) берген дұрыс па деген сұрақ туындап жатыр. Halyq Uni тілшісі бұл сұрақты Республикалық ономастика комиссиясының мүшелеріне қойып көрді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама