×

Министрлік баласы 1-сыныпқа баратын ата-аналарға құлаққағыс жасады

Өтініш беріп үлгермегендер тездетіп қимылдауы керек

 Еркеғали Болатұлы 24.07.2023 | 17:18
фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 1 тамызда аяқталатынын ескертті.

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сонымен бірге, денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фото қоса беріледі, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 1 сәуірде басталған құжат қабылдау барысында, яғни 4 айда 350 453 өтініш түскен. 1-сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама