Былтыр Қазақстанда АИТВ жұқтырған 4 мың науқас тіркелген
Астана қаласында 2 жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды. Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың мәліметінше, елордада 6 айдың қорытындысы бойынша 206 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды – оның екеуі жасөспірім.
Еске салайық, 14 маусымда Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханадағы үш науқастың АИТВ жұқтырғаны анықталды.
Жалпы, ведомствоның мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда АИТВ жұқтырған 4 мың науқас, 2021 жылы қауіпті инфекция жұқтырған 3,5 мың науқас тіркелген.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұған дейін 7 өңірде – Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалаларында АИТВ жұқтырғандар саны Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен жоғары екенін айтты.