×

Ыстықкөлде ұрланған бала Шу облысынан табылды

Қаскөйлер оның ата-анасынан 300 мың доллар талап еткен

 Еркеғали Болатұлы 23.07.2023 | 09:30
фото: ашық дереккөз

Қырғызстанда белгісіз біреулер Ыстықкөл жағажайынан жасөспірімді ұрлап, ол үшін ата-анасынан 300 мың доллар төлеуді талап еткен.  Бұл туралы bishkek24.kg хабарлады. 

12 жасар баланың ұрланғаны туралы арыз 20 шілдеде Шу облысының тумасынан келіп түскен. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның жағажайда сағат 8:30 шамасында болғанын мәлімдеді.

Факті аудандық милиция ақпаратын есепке алу журналында тіркелді және жедел-іздестіру іс-шаралары бірден басталды. Сағат 21:00 шамасында бала Шу облысының аумағынан табылды. Содан кейін ол анасына табысталды, – деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама