×

Шығыс Қазақстанда орман әлі жанып жатыр

Бұған дейін Көкпекті ауданындағы екі өрт ошағы туралы белгілі болды

 Халық үні 03.05.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Көкпекті ауданы «Құлынжон» қорығындағы жалын желдің күшімен 120 гектарға жайылған. Өрт толық сөнгенше орманшылардың бақылауында болады.

Ал Ұлан ауданындағы Асубұлақ аумағында 50 гектар орман әлі жанып жатыр. Өңір құз жартаста болғандықтан оған техникамен жету мүмкін емес.

Өртті сөндіруге қатты жел, жақын маңда судың болмауы, құм төбелері бар жер бедері қиындық келтіріп отыр. Дегенмен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Жалынмен күреске ТЖД құтқарушылары, орманшылар, жергілікті атқарушы органдардың 149 қызметкері мен 28 техника жұмылдырылды. Өскемен қаласынан су төгетін жолы бар екі тікұшақ қосылды.

Осыған дейін Көкпекті ауданындағы екі өрт ошағы жайлы хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18

Абай облысында монополист жылу энергиясының бағасын негізсіз қымбаттатқан

Өңірде 900-ден аса тұрғынның құқығы қорғалды
10.06.2023 | 12:50