×

Көкпекті ауданында 100 гектарға жайылған өрттің беті қайтпай жатыр

Шығыс Қазақстан облысында екі орман алқабы өртеніп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 02.05.2022 | 11:37
фото: ustinka.kz

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында өрт сөндірушілер «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығындағы 100 гектарға жайылған қызыл жалынмен күресіп жатыр.

«Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығында бұта мен шөп өртеніп, қатты желдің салдарынан тілсіз жау лезде жан-жаққа жайылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша от 100 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге барлығы 50 адам мен 9 техника жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығында да өрт шыққан. Жалпы ауданы 50 гектарға жеткен қызыл жалынды өшіруге 149 адам мен 28 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ Өскемен қаласынан қосымша 2 тікұшақ тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама