Шығыс Қазақстанда орман әлі жанып жатыр
Бұған дейін Көкпекті ауданындағы екі өрт ошағы туралы белгілі болды
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Көкпекті ауданы «Құлынжон» қорығындағы жалын желдің күшімен 120 гектарға жайылған. Өрт толық сөнгенше орманшылардың бақылауында болады.
Ал Ұлан ауданындағы Асубұлақ аумағында 50 гектар орман әлі жанып жатыр. Өңір құз жартаста болғандықтан оған техникамен жету мүмкін емес.
Өртті сөндіруге қатты жел, жақын маңда судың болмауы, құм төбелері бар жер бедері қиындық келтіріп отыр. Дегенмен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Жалынмен күреске ТЖД құтқарушылары, орманшылар, жергілікті атқарушы органдардың 149 қызметкері мен 28 техника жұмылдырылды. Өскемен қаласынан су төгетін жолы бар екі тікұшақ қосылды.
Осыған дейін Көкпекті ауданындағы екі өрт ошағы жайлы хабарлаған едік.