×

Қазақстан электр энергиясын Ресейден сатып алады

Қажетті көлемдердің сапасыз болжамы тұтынушы үшін тарифтің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін

 Динара Амантай 21.07.2023 | 10:15
Фото: opennews.kz

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен «Интер РАҚ» ЖАҚ электр энергиясын жоспарлы жеткізуге шарт жасасты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

18 шілдеде онлайн режимде Энергетика министрлігі кезекті кеңес өткізді. Онда бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысының алғашқы күндері қорытындыланды. Кеңеске электр энергетикасы нарығының шамамен 350 қатысушысы қатысты.

Министрлік Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен «Интер РАҚ» ЖАҚ арасында электр энергиясын жоспарлы жеткізуге шарт жасасу туралы хабарлады. Бұл қажет болған жағдайда Ресей Федерациясының энергия жүйесінен электр энергиясын сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ведомство бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеуінің өткен 17 күніне жүргізілген талдау мен мониторинг электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тұтынудың нақты көлемінен артық өтінімдер беретінін растайтынын атап өтті.

Бұл жағдайлар біздің электр станцияларымыздың техникалық мүмкіндігіне және Ресей Федерациясының энергожүйесінен импорттық электр энергиясын сатып алудың жетіспейтін көлеміне негізделген электр энергиясын өндірудің қажетті көлемінің кестесін құруда көрінеді.

Кеңес барысында Энергетика министрлігі электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің назарына электр энергиясын тұтыну көлемін сапалы болжау қажеттігін қайта жеткізді. Қажетті көлемдердің сапасыз болжамы қымбатырақ импорттық электр энергиясын сатып алуға әкеледі. Нәтижесінде бұл түпкілікті тұтынушы үшін тарифтің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама