ArtSport жобасының қаржысын жымқырған адамдар сотталған

Дастан Жұмабекұлы

11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді

Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Artsport жобасының жемқорлық фактілеріне қатысты мәліметтерін жариялады.

Бағдарлама іске асырылған қысқа мерзімнің ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адамның ісі сотқа беріліп, оның төртеуі сотталды, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге ведомство бағдарламаға бөлінген қаражатты игерудің барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың анықталғанын хабарлады.

Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты жоба екі рет тоқтап қалған. ArtSport электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығынан есепке «өмірде жоқ» адамдар енгізілген, – делінген баяндамада.

Агенттіктің хабаралуынша, жан басына шаққандағы қаржыландыруға шамамен 43 млрд теңге (2021 жылы – 5,8 млрд теңге, 2022 жылы – 37 млрд теңге) бөлінген.