×

Семей әкімдігі астаналық суретшінің суреттерін муралға рұқсатсыз пайдаланған

Өз жұмысымды пайдаланғаны үшін ақшалай өтемақы сұрадым, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2023 | 17:17
фото: дереккөз

Астаналық суретші Мағира Тілеубердина өз жұмысын Семей қаласының әкімдігі пайдаланғаны үшін ақшалай өтемақы төлегенін хабарлады.

Бұл ретте қала әкімдігі суретшінің туындыларын муралға салған.

Достар, қолдауларыңызға көп рахмет! Осы шуды көтергеннен кейін мені естіді. Өз жұмысымды пайдаланғаны үшін ақшалай өтемақы сұрадым. Енді ешқандай шағымым жоқ, – деп жазды суретші.

Содан кейін Семей әкімдігі суретшіден кешірім сұрады, бірақ 12 шілдеде оның суреттерімен көпір маңын ашты. Суретші бірден әрекет етіп, қала билігін айыптады.

Кейін суретші Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовпен жеке сөйлесіп, осы жағдайды шешуге және оқиғаға кінәлілерді жазалауға уәде бергенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама