×

Ақтауда 64 жастағы әйел ауладағы ұл баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)

Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына көмекке жүгінген

 Еркеғали Болатұлы 16.07.2023 | 18:18
фото: видеодан скриншот

14 шілдеде Ақтау қаласындағы футбол алаңдарының бірінде егде жастағы әйел өзгенің баласына қол көтерген.

Куәгерлер желідегі видео астына өзге баланың тепкен добы өз баласына тигені үшін 64 жастағы әйелдің оны жазалағанын жазған. Бұл оқиғаға қатысты жергілікті полиция өкілдері де пікір білдірді.

15 шілдеде сағат 19:30 шамасында облыстық балалар ауруханасына зардап шеккен бала көмекке жүгінген. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, аталған факті расталды. 14 шілдеде 17 шағын ауданда №54 үйдің жанында орналасқан футбол алаңында әйел адам басқа біреудің баласын ұрып-соққан, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша 64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Енді ол шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама