Күршім ауданында шыққан өрт сөндірілді

Халық үні

Өрт 20 гектар жерге жайылған

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында шыққан өрт толық сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 8 шілдеде сағат 11:00-де Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде 20 гектар аумақта таулы жерлерде өртенген шөп толығымен сөндірілді.

Өрт адам баруға жетпейтін қиын жерде шыққандықтан, оны сөндіру үшін жаяу жұмыс істеуге тура келген. Бұл өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің, Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды.