Атырау облысындағы өртті сөндіруге авиатехника тартылады
Каспий теңізінің жағасында қамыс өртеніп жатыр
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/07/08/64a8d4ef387c2505958942.jpeg)
Атырау облысында қамыс өртін сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің авиатехникасы тартылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
8 шілдеде өрт ошақтарын сөндіру үшін ТЖМ авиатехникасын тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар өрт ошағының айналасында жер жырту үшін К700 тартылады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге 70-тен астам қызметкер мен 17 бірлік техника қатысып жатыр.