×

Атырау облысындағы Каспий жағалауында тағы да қамыс өртеніп жатыр

 Ая Өміртай 07.07.2023 | 15:35
фото: ашық дереккөз

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni.

Қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелді. Кеше, 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 де өртті анықтау және бақылау үшін №13 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер, 1 техника, №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 қызметкер, 1 техника, ал жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен 7 қызметкер жіберілді, – деп хабарлады Асқат Ержанов.

Оның айтуынша, өрт ошағының нақты аумағын арнайы техникалармен анықтау мүмкін емес. Сондықтан бүгін Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жіберу көзделіп отыр.

Бұдан бұрын Каспий жағалауында түтіні қаланы басып, 5 күн жанған қамыс өрті сөндірілген еді.

«Қазақстан ғарыш сапары» космомониторингінің қорытындысына сәйкес, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрттің жалпы ауданы – 1 200 гектар.

«Каспий жағалауындағы батпақты, сулы жерде 2 сәуірде қамыс өрті тұтанды. Бұл – Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтағы аумақ. Жалыннан флора мен фауна зардап шеккен жоқ. Өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама