×

Қостанайда тағы бір адам қаңқасы табылды (ВИДЕО)

Тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастырып жатыр

 Динара Амантай 05.07.2023 | 12:27
Фото: polisia.kz

Қостанайда тағы бір адам қаңқасы табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, адам сүйектері Мәуленов – Досжанов көшесінің қиылысында Қостанайдағы құбырларды ауыстыру орнынан табылған.

Айта кетсек, кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылған еді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастырып жатыр.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама