×

Бұрынғы әйелін соққыға жыққан ақтөбелік сотталды

Ол алиментке арыз берген

 Дәурен Ерболат 05.07.2023 | 11:25
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында экс-әйелін соққыға жыққан ер адамның ісі сотта қаралды, деп хабарлады Polisia.kz.

Жалақысының жартысы алимент үшін ұсталғанын білген ер адам ашуға ерік беріп, бұрынғы әйелін сөйлесуге шақырған. Ол сұрақтарға дұрыс жауап бермедің деген сылтаумен экс-әйелін соққыға жыққан.

Осыдан соң жәбірленуші У. бұрынғы жолдасын сотқа берді. Алайда ол кейін ойын өзгертіп, өзін соққыға жыққан экс-күйеуін кешіретінін және материалдық, моральдық залалдың толық өтелгенін, медиациялық келісімге келгенін айтады.

Сондай-ақ өзінің алимент өндіруден бас тартқанын айтып, соттан бұрынғы күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрайды. Бірақ Хромтау аудандық соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеді.

Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алтын Аққазиева отбасының берекесін қашырғандарға жаза күшейгенін ескертті.

«Жалпы Хромтау аудандық прокуратурасы сотталғандарға қылмыстық жауапкершілікті практикада көрсетіп отыр. Осылайша, қылмыс жасауды болдырмау үшін алдағы уақытта сотталғандарды қылмыстық іске қатысты сот отырыстарына жиі қатыстыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ осындай сот отырыстарына сотталғандарды қатыстырудағы тағы бір мақсатымыз – 2023 жылғы 19 мамырда отбасылық және тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейгенін, яғни отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғандар жаңа заңға сәйкес бұрынғыдай жеңіл жазамен құтылмайтынын ескерту, - деді аға инспектор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама