×

Балалардың терезеден құлауы жиілеген: ТЖМ ескерту жасады

Өткен аптада ғана елімізде осындай 8 жағдай болды

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2023 | 09:35
фото: ашық дереккөз

Статистикаға сүйенсек, жыл сайын күн жылына бастағаннан кейін балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп – заманауи терезелерге орнатылған арнай москит торлары.

Өткен аптада ғана елімізде осындай 8 жағдай болды. Оның ішінде Астана қаласында бір 3 жасар бала 17-қабаттан құлап кеткен.

Терезеден құлаған кезде балалар ұзақ мерзімді емдеу мен қалпына келтіруді қажет ететін ауыр жарақат алады, көп жағдайда мүгедек болып қалады. Негізінен оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда көз жұмады.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді сақтаған жөн:

  • баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін терезелерге блакираторлар орнату;
  • бала жоғары көтеріле алатын жиһазды терезелердің жанында қалдырмаңыз;
  • терезеде тиісті қорғауы жоқ арнайы москит торларын пайдаланбаңыз (бала алда кейбір кедергілерді көрмейді, оған сенімді түрде сүйенеді және баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін);
  • баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық жерде, сондай-ақ оларды өздері аша алатын жерде қалдырмаңыз;
  • балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз, москит торға сүйенуге болмайтынын ескертіңіз. Балалар терезенің жанында тұрып, оған көтерілуге тырысқанда, қауіп туралы үнемі еске алуы керек.

Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз балаңыздың өмірін сақтайсыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама