×

Ақсуат ауданының асфальт зауытында 10 тонна битум жанды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 03.07.2023 | 14:57
Фото: Абай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Абай облысы Ақсуат ауданының асфальт зауытында 10 тонна битум жанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «101» пультіне Ақсуат ауданының Шыбынды ауылындағы асфальт зауытында битумның жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімшелері зауыт аумағында битумды 3 бөшкенің өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі – 10 тонна.

Өртті көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер жалынды жарты сағат ішінде ауыздықтады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама