Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында темекі салынған 10 мыңнан аса қорап тәркіленді

Тауардың құны – 7 млн теңге

 Дәурен Ерболат 03.07.2023 | 10:38
Жетісу облысында темекі салынған 10 мыңнан аса қорап тәркіленді
Фото: MKT

Жетісу облысында тіркеу және бақылау белгісі жоқ темекі салынған 10 мыңнан аса қорап тәркіленді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті бақылау-есеп маркасы жоқ акцизделетін өнімдерді (темекі) тасымалдады деген күдікпен бір азаматқа қатысты қозғалған істі тергеп жатыр.

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын тіркеу және бақылау белгісі жоқ темекі салынған 10 мыңнан аса қорап тәркіленді. Қазір темекінің қайда жасалғаны анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама