Шымкентте 3 жасар қыздың саусағы темір қақпаққа қысылып қалған (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Мамандар оқиға орнына шұғыл жеткен

Скрин видео

Шымкентте құтқарушылар саусағы темір қақпаққа қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті, деп хабарлады қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

«112» пультіне 2 шілдеде түскі сағат 13:16-да қоңырау түскен. Тұрғын кішкентай қызға шұғыл көмек керектігін айтқан.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын көрген. Нәтижесінде құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып, бүлдіршіннің саусағын темір қақпақтан босатты, - деп жазылған хабарламада.

Қызға медициналық көмек керек болмады.