Мамандар оқиға орнына шұғыл жеткен
Шымкентте құтқарушылар саусағы темір қақпаққа қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті, деп хабарлады қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
«112» пультіне 2 шілдеде түскі сағат 13:16-да қоңырау түскен. Тұрғын кішкентай қызға шұғыл көмек керектігін айтқан.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын көрген. Нәтижесінде құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып, бүлдіршіннің саусағын темір қақпақтан босатты, - деп жазылған хабарламада.
Қызға медициналық көмек керек болмады.