×

Алматы тұрғыны танысын аңшылық мылтықпен атып өлтірген

Екі ер адам арасында жанжал туындаған

 Динара Амантай 01.07.2023 | 14:42
Фото: t.me/egovpress

Алматыда ер адам танысын аңшылық мылтықпен атып өлтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама