×

Ақмола облысында әйел пәтерден 4 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен

Ол 26 бұйыммен қоса 200 АҚШ долларын қолды қылған

 Динара Амантай 01.07.2023 | 09:45
Фото: market-prices.com

Ақмола облысында 4 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған әйел анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 маусымда Атбасар ауданының полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан 28 сәуір мен 29 маусым аралығында пәтерінен белгісіз біреулердің 4 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз түскен. Осы өтінішке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қылмыс орнына келген криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің алтыннан жасалған 26 бұйыммен қоса 200 АҚШ долларын ұрлағанын анықтады. Әрі қарай тергеп-тексеру жүргізу барысында алтын ұрланған мекенжайға үй иелерінен басқа бөгде адамның да еркін кіре алатыны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары барлық жергілікті ломбардтар мен айырбастау пункттерін тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған 35 жастағы әйелді анықтады. Заттай дәлелдемелер жартылай тәркіленді.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және құнды заттарды қауіпсіз жерде сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама