Halyq Uni логотип
×

30 млрд теңгеге дейін қаржы түсті: Астанадағы «Сергек» жобасы биыл аяқталады

Елордада 28 мыңға жуық бейнекамера орнатылған

 Айнұр Шошаева 30.06.2023 | 17:13
30 млрд теңгеге дейін қаржы түсті: Астанадағы «Сергек» жобасы биыл аяқталады
Фото: khabar.kz

Биылғы жылдың соңында «Сергек» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша шарттың мерзімі аяқталады. Астана әкімдігі күзде жаңа конкурс өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Жобаның мерзімі бітіп жатыр. Күзде жаңа конкурс өтеді. «Сергек» және басқа компаниялар оған қатысайын деп отыр. Соңғы жылдары қаланың бюджетіне түскен қаражаттың көлемі 25 млрд-тан 30 млрд теңгеге дейін. Оның бәрі қаланың бюджетіне түсіп жатыр, – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметінше, елордада 28 мыңға жуық бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ бүгінде 76 камераға қажеттілік бар. Бейнекамераларды орналастырудың арқасында  қалада қылмыс 35% азайған.

Еске сала кетейік, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені Астанада 2017 жылы іске қосылды. Оның құрамына бейне түсіру модульдерінің желісі, суреттерді жазу және тану жүйесі, ақпаратты өңдеуге және талдауға арналған зияткерлік жүйе кіреді.

Бұған дейін Астана күнін тойлауға қанша қаражат жұмсалатыны да айтылған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама