Көкшетауда жоғалып кеткен полиция офицерінің мәйіті табылды

Еркеғали Болатұлы

Туыстары полицияға 23 маусымда жүгінген

фото: instagram/sinegor.kz

Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері із-түзсіз жоғалған Зеренді аудандық ІІБ бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің денесін Қылшақты өзенінен тапты.

Айта кетсек, туыстары полицияға 23 маусымда жүгінген. Әйелінің айтуынша, 20 маусымда үйден шығып кеткен оның содан бері қайда екені белгісіз болған.

Облыстық ПД ресми түрде Тұрар Дүйсембиннің еңбек демалысында екенін мәлімдеген.

Өтініш түскеннен кейін полицейлер ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырып, оған Зеренді аудандық ПБ, Көкшетау қалалық ПБ, бөлім қызметкерлері, әскери қызметшілер мен еріктілер тартылған.