×

Алимент төлемеген 7 мыңға жуық адамға елден шығуға тыйым салынған

Былтыр 1,3 мың борышкер жұмысқа орналастырылған

 Халық үні 23.06.2023 | 13:44
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері алимент төлемеген мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni.

5 айда алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үш айдан аса уақыттан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар бар. Оларды Ішкі істер органдарына қылмыстық кодекстің 139-бабы шеңберінде 410 ұсыным жолданды, оның 76-сы сотқа жолданды, - деді Азамат Есқараев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, алимент төлемеген 6 969 адам Қазақстан аумағынан шыға алмайды.

«Кейбір жағдайда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Соған байланысты былтыр бес айда 1 362 борышкер жұмысқа орналастырылды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама