Halyq Uni логотип
×

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Көші-қон заңнамасын бұзған 73 адам жауапқа тартылды

 Динара Амантай 22.06.2023 | 11:01
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды
Фото: Halyq Uni

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды. Оның 54-і ТМД азаматы болса, алыс шетелдіктердің саны – 4. Сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден шығарылды.

Сондай-ақ осы іс-шара кезінде Ыстамбұл – Алматы бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркиядан Қазақстанға есірткімен айналысқан күдікті экстрадицияланғанын хабарлағанбыз. Оған да халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама