×

Түркиядан Қазақстанға есірткімен айналысқан күдікті экстрадицияланды

Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын

 Динара Амантай 22.06.2023 | 09:09
Фото: inbusiness.kz

Түркиядан елімізге есірткінің заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының елімізге есірткі бизнесімен айналысқан азаматты тапсыру туралы сұрауын қанағаттандырды. Күдікті Түркияда аса ірі көлемдегі есірткіні сату үшін сақтаған деген дерек бар.

Істі тергеу кезінде күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады.

Ол Астана қаласына жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.

Енді сот шешімі шықса, барлық мүлкінен айырылып, 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама