×

Дацик пен Ғалым «ТТ» Алматыда айқасады

Билеттер құны 3000 теңгеден басталады

 Халық үні 22.06.2023 | 09:19
Фото: Olimpbet

23 маусымда Almaty Arena-да дүбірлі жекпе-жек өтеді. Ұйымдастырушылар қазақстандық пен ресейлік ауыр салмақтағы спортшының жекпе-жегінен бөлек, жанкүйерлерге қандай сый дайындап отыр?

Naiza мен UralFC ұйымдарының бірлескен спорттық шарасында Дацик пен Ғалым «ТТ» ойыны кештің басты шайқасына айналады.

Турнирде ММА және кикбоксинг ережелері бойынша барлығы 12 жекпе-жек өтеді, онда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Англия, Оңтүстік Корея және Словения спортшылары кездеседі.

Қатысушылар бірден екі титул үшін таласатын бірлескен басты оқиға да қызық болады. Орта салмақтағы Дәурен «Қазақ» Ермеков пен Руслан Шәмилов белбеулерін сарапқа салып, екі ұйымның чемпионы атағына таласады.

Үшінші маңызды жекпе-жекте Қазбек Сағын Naiza-ның супер жеңіл салмақтағы чемпионы атағын Бағдат Жұбаныштан қорғайды. Рамазан Гасанов пен Жанна Бао жартылай орта салмақта бос тұрған Naiza белбеуіне бәс тігеді. Сонымен қатар көрермендер топ кикбоксшылар Сергей Пономарев пен Матеус Ногейра арасындағы тартысты тамашалайтын болады.

Ал турнирдің демеушісі, қазақстандық ең танымал Olimpbet букмекерлік кеңсесі қонақтарға PlayStation 5, AirPods Pro, Apple Watch және Yandex Station Max сияқты сыйлықтар ұтысын дайындап отыр.

Ұйымдастырушылар осы жұмада Almaty Arena-да шын мәнінде есте қаларлық жекпе-жек кешін өткізуге уәде береді. Басталуы – сағат 18:00.

Билеттер құны 3000 теңгеден басталады, оларды zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама