×

Румынияда «ҚазМұнайГаз» иелігіндегі зауытта өрт шықты

Өртке байланысты тергеу басталды

 Халық үні 22.06.2023 | 09:23
Фото: ашық дереккөз

Румынияда «ҚазМұнайГаз» иелігіндегі Petromidia зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өрт 21 маусымда Petromidia зауытында жеңіл гидрокрекинг қондырғысында (MHC) жүргізілген арнайы техникалық жұмыстардан кейін шыққан.

Зардап шеккендер жоқ, өйткені барлық жұмысшы дер кезінде эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар инспекциясының (ISU) арнайы көліктері келіп жеткенге дейін мұнай өңдеу зауытының өрт сөндірушілері тұтанған аудан көлемін шектеді, - деп хабарлады Petromidia зауытының мамандары.

Содан кейін мұнай өңдеу зауытында тұтанған өрт Румыния уақыты бойынша сағат 18:00-де ауыздықталды.

ТЖМ өкілдері ауаға зиянды заттардың бөлінбегенін растады.

Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама