×

Сәуірден бері 30 қазақстандық кене энцефалитін жұқтырды

Кене энцефалиті – вирустық жіті инфекциялық ауру

 Халық үні 21.06.2023 | 11:34
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығы сәуір-мамыр аралығында кене энцефалитіне 3 200 талдау жүргізді. Ішінде 30 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Өңірлерде жүргізілген зерттеулер барысында мұндай жағдайлар Шығыс Қазақстан облысы (76,6%), Алматы қаласы (13,3%) және Қостанай (3,3%), Жетісу облыстары (3,3%) бойынша тіркелді, – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Зерттеулер кене энцефалиті вирусының антиденелерін/антигендерін анықтауға бағытталған генетикалық және иммуноферменттік әдістермен аса қауіпті инфекциялар зертханасында жүргізіледі. 

Кене энцефалиті – вирустық жіті инфекциялық ауру. Ауру кене шаққанан кейін күшейеді. Адам ағзасында вирус орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын) еніп, көбейеді. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі 14-тен 30 күнге дейін созылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама