Түркістан облысында әкесі мен баласы үйінде қару-жарақ пен есірткі сақтаған

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғындарынан тіркелмеген қару мен есірткі тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады. Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақтаған Жетісай ауданының 2 тұрғынын, яғни әкесі мен ұлын анықтады. Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде Юнкер тіркелмеген қаруды, 16 калибрлі аңшылық мылтық, түрлі калибрлі патрондар, сондай-ақ дубинка мен есірткі заттарын тауып, тәркілеп алды.

Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Барлық жағдайлар анықталып жатыр.