Halyq Uni логотип
×

Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді

Қазір сотқа дейінгі тергеу болып жатыр

 Динара Амантай 20.06.2023 | 11:03
Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді
Фото: Halyq Uni

Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасымен біргігіп, күдіктінің айтарлықтай мөлшерде акцизделетін темекі өнімдерін есепке алу маркасыз сақтағанын және оны сатқанын анықтады. Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеден аса түрлі маркадағы 140 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, көлеңкелі бизнес айналымнан шығарылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

ҚР ҚПК 201 бапқа сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама