Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Динара Амантай

Ер адамнан ақ ұнтақтан бөлек белгісіз маркалы тапанша да тәркіленді

Фото: kerek-info.kz

Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталған.

 Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді. Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленді, – деді Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Болат Болысбеков.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды.

Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.