×

Абай облысында балаларына алимент төлеуден жалтарған екі ер адам сотталды

Оның біреуі 6 жыл бойы екі баласы үшін ақша төлемеген

 Динара Амантай 15.06.2023 | 12:41
Фото: polisia.kz

Абай облысы Үржар ауданында алименттен жалтарған екі ер адамға жаза тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үржар ауданы бойынша cот орындаушылардың айтуынша, ер адам 6 жыл бойы екі баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартқан. Бүгінге дейін ер адамның балаларына төленетін қарызы 6,1 млн теңгеден асқан.

20 наурызда ол Абай облысының кәмелетке толмаған балалар істер жөніндегі мамандандырылған сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 139-бабымен («Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару») 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 44-бабы 1-бөлігімен («Бас бостандығын шектеу») жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Екінші ер адам Абай облысы бойынша Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, сот жүктеген міндеттерді елемей, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылып, маскүнемдікке салынып, жұмысқа орналасқысы келмегені үшін сот шешімімен өтелмеген жазасы үшін қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама