×

Сенат төрағасы Абай облысында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Алапат өрт салдарынан 14 орманшы және трактор жүргізушісі қайтыс болды

 Дәурен Ерболат 15.06.2023 | 10:33
фото: ТЖМ

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Абай облысындағы алапат өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Абай облысында бәріміздің қабырғамызды қайыстырған қиын жағдай болғанын білесіздер. Өкінішке қарай, алапат өрттің салдарынан 15 орманшы қаза тапты. Осыған байланысты 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өңіріне арнайы барды. Қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсету жөнінде тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді. Жалпы өрт сөндіру жұмыстары және осы бағыттағы басқада шаралар президенттің тікелей бақылауында», - деді  Сенат спикері.

Сенат төрағасы алапат өрттен көз жұмғандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтты.

Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына Сенат атынан тағы көңіл айтамын. Марқұмдардың имандары саламат болсын. Енді елімізде мұндай төтенше оқиғалар ешқашан қайталанбасын, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама