Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндіру фактісі анықталды
Компания бас директорының орынбасары қамауға алынды
Ақтөбе облысында мұнай кен орнында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикі мұнайды заңсыз өндіру, өңдеу және сақтау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҚМА аумақтық департаменті анықтағандай, компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген. Қазір компания бас директорының орынбасары қамауға алынып, сот шешімімен оған қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.