×

БҚО-да жылқыға соқтығысқан көліктің жүргізушісі қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Динара Амантай 13.06.2023 | 16:32
Фото: CC0 / Karl Bustamante

БҚО-да жылқыға соқтығысқан көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңертең 05.20 шамасында Казталов аудандық полиция басқармасына Казталовка – Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен. Lada-2110 автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысқан. Cоның кесірінен 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтап, тапты. Ол Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны екен. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан басқа, қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал жиналақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама