Қызылорда облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Динара Амантай

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында жол апаты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл автокөлік соқтығысқан. Салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.