×

Көкшетауда Асық атудан ел біріншілігі басталды

Чемпионатта 15 өңірден келген спортшылар бақ сынап жатыр

 Халық үні 12.06.2023 | 12:44
фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

11 маусымда Көкшетау қаласындағы «Болашақ» сарайында Асық ату мен бес асықтан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен бастау алған дүбірлі додаға еліміздің 15 өңірінен, атап айтар болсақ, Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Алматы, БҚО, Жамбыл, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Түркістан облыстарынан келген асықшылар қатысуда.

Чемпионатты Асық ату федерациясының президенті, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанұлы мен Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкүбаев өздерінің құттықтау сөздерімен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 13 маусым күні финалдық ойындар өтіп, жеңімпаз және жүлдегер командаларға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы тарапынан қаржылай сыйақылар табысталатын болады.

Турнирдің бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама