Өзбекстан басшысы Қазақстан халқына көңіл айтты

Дастан Жұмабекұлы

Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаева көңіл айту жеделхатын жолдады

фото: Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзияев Шавкат Мирзияев Абай облысында болған ірі орман өртінің салдарынан адамдардың қаза тапқанына және орасан зор шығын әкелгеніне байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтып, жедел хат жолдады.

Өзбекстан басшысы жеделхатта  қаза тапқан адамдардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.