Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған қызға тиіскен жігіт қамауға алынды
Ол 16 жастағы оқушыны зорламақ болған еді
Елордалық кәмелетке толмаған қызға тиіскені үшін студент 10 тәулікке қамалды.
Бұған дейін полицияның «102» арнасына астана тұрғынынан кешке белгісіз ер адамның үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен болатын. Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы жігіт ұсталды. Құқық бұзушыға айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзу дерегімен ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, студент 10 тәулікке арнайы қабылдау мекемесіне қамауға алынды, – дейді елорданың полиция департаменті.
Бұған дейін астанада оқушыны зорламақ болған ер адамның құрықталғаны белгілі болды.