×

Астанада 16 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

Желіде осы оқиғаның видеосы тараған еді

 Халық үні 22.04.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Елордалық полицейлер кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамды құрықтады.

Бұған дейін полицияның «102» арнасына Нұр-Сұлтан тұрғынынан кешке белгісіз ер адамның үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен болатын. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Биылғы 18 сәуірде жас жігіттің қызды аялдамада кездестіргені анықталды. Ол автобуспен бірге жүріп, соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болған. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған, – дейді бас қаланың полиция департаменті.

Ұсталған азаматқа айналасындағыларды құрметтемеу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзу, кәмелетке толмаған қызды қорлау дерегі бойынша ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайды. Сондай-ақ құқық бұзушының денсаулығы туралы медициналық мекемеге сұрау жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30