Бұған дейін бұл қызметті Алтай Көлгінов атқарды
Тамара Дүйсенова премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін әрі қарай жалғастыра береді.
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, 2023 жылдың 8 маусымында Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды. Көлгінов бұл қызметке 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалған.