×

Павлодарда 3 ұры 9-қабаттағы пәтерге терезеден түскен

Өңірде биылдыққа 613 ұрлық фактісі тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2023 | 15:58
politeka.net

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Набережная көшесінде ұрлық жасады деген күдікпен 20-24 жастағы 3 тұрғын ұсталды.

Пәтер иесінің демалысқа кеткенін білген жастар үйдің төбесінен 9-қабатқа кабель арқылы түсіп, ақша мен алтын сағаттарды ұрлап кеткен. Жалпы шығын – 800 мың теңге, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Сондай-ақ мамыр айының соңында Екібастұз қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күні құны 200 мың теңге болатын ноутбук ұрлаған 42 жастағы тұрғын ұсталған. Ол Минин көшесіндегі жеке үйге пластикалық терезені шешу арқылы кірген.

Ведомство басшылығының айтуынша, биыл жыл басынан бері 613 ұрлық фактісі тіркелген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% төмен көрсеткіш. Оның ішінде 51 пәтер ұрлығы бар.

Жалпы, пәтер ұрлығы жазда демалыс күндері тіркеледі. Себебі көптеген адам демалысқа шығып, үйлерінде болмайды. Бұл ретте есікті құлыптау құрылғыларының сапасыздығы, азаматтардың өз мүлкінің сақталуына немқұрайлы қарауы ұрлық жасауға қолайлы болады. Зергерлік бұйымдардан бастап, техника мен тамақ өнімдері, көбінесе ақша, алтын бұйымдар, тон, тұрмыстық техника ұрланады. Ұрланған заттар көбіне базарға келушілерге сатылады, ломбардтар мен дүкендерге тапсырылады, – деді Василий Скляр.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға пәтерді қараусыз қалдырмауға, жеке үйлердің иелеріне үйді күзет дабылымен жабдықтауға кеңес беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама