×

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы ер адамның денесі табылды

Істің мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 06.06.2023 | 16:23
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 маусымда Целиноград ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қараменді батыр ауылының 53 жастағы тұрғынының Мортық ауылы маңындағы Есіл өзеніне батып кеткендігі туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексерді.

Мәйітті визуалды тексеру кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Барлық куәгерлерден жауап алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоғамдық жерде алкогольді ішімдік ішуге жол бермеуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама