Ақмола облысында 2-қабаттан құлаған мас адам қаза тапты

Динара Амантай

Істің мән-жайы анықталып жатыр

Фото: polisia.kz

Ақмола облысында мас халде екінші қабаттан құлаған ер адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 маусымда сағат 18:55-те Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы облыстық аурухананың дәрігерінен ҰБЖ, мидың субдуральды гематомасы диагнозымен Красный Яр ауылының 40 жастағы тұрғынының жансақтау бөлімшесінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ішімдік ішкен ер адам 3 маусымда сағат 18:00-де Ақбидай көшесіндегі көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлаған.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.