×

Петропавлда ветеринарлық инспекторға 5 млн 200 мың теңге айыппұл салынды

Ал оның басшысы қатаң сөгіс алды

 Динара Амантай 05.06.2023 | 12:05
Фото: Halyq Uni

Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Жанарбек Бусурмановқа қатысты қылмыстық іс бойынша мән-жайлар қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Петропавл қалалық сотының үкімімен бас маман – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы пара алғаны үшін сотталды және оған параның 35 еселенген сомасы (5 млн 200 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айдос Жүнісов биыл ақпан-наурыз айлары аралығында Бусурмановтың қызметтік жағдайын жүйелі негізде пайдалана отырып, тиісті ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз «Привокзальный» және «Дария» қалалық базарларында ет өнімдерін көтерме сатып алуды және бөлшектеп сатуды іске асыратын кәсіпкерлерден пара алғанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство сотталушының мұндай әрекеті аумақтық инспекцияның жауапты тұлғалары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан мүмкін болғандығын атап өтті.

Бағыныштылардың жемқорлығы үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы заңнама нормаларын іске асыру мақсатында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының шешімі бойынша Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Ақпан Құсайынов қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инспекторлар қатарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін олардың жұмысында қызметтік аудио және бейне тіркеуді пайдалану көзделген. Осы талаптың болуына қарамастан, Петропавлдың 7 базарында барлық 5 инспекторды бейнетіркегіштермен жарақтандыру тек ұсыну қаралғаннан кейін ғана іске асты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама