Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Халық үні

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Басқарма бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

 Қала құрылысын бақылау басқармасы әлеуметтік желілерде баяндалған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда емхананың бас дәрігері сотталды. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында емхана қызметкерлеріне қатысты аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс қаралып, үш адамға сот үкімі шықты.